(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.04 № 464 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне
ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының (бұдан әрі - Аумақтық инспекция) республикалық, маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы {бұдан әрі - Инспектор) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Ветеринария тураяы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 9) тармақшасының, 16-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағына;
2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитарлық қорытынды (қағаздағы тасымалдағышта) береді;
Редакция документа
Демо – версия документа