«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген) (2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 393 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті ұйымның бөлімшесі) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Документ утратил силу
Демо – версия документа