Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.07.04 № 393 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 393 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2011.01.12. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Орталық бөлімшесі) мекенжайларының тізбесі осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұратын жері бойынша Орталық бөлімшесінің ғимаратында көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1, 2-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz  интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку