(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 17 СӘУІРДЕГІ № 430 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат
айналымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы
(2008.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.22.10 № 978 Қаулысымен қосымша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 сәуірдегі
№ 430 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді.
Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерден тұратын электрондық құжаттарға қолданылмайды.
Мемлекеттік органдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілттерін жасау жөніндегі жұмыстар (әзірлеу, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерден тұратын электрондық құжаттар мен ЭЦҚ жабық (құпия) кілттерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Редакция документа
Демо – версия документа