Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 17 СӘУІРДЕГІ № 430 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат
айналымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 17 сәуірдегі

№ 430 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының

электрондық құжат айналымы ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымын ұйымдастырудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Ереженiң күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi қамтитын электрондық құжаттарға қолданылмайды.

Мемлекеттік органдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кiлттерiн (әзiрлеу, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) құру жөніндегі жұмыстар және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кiлттерiнiң сақталуын қамтамасыз ету тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдермен анықталады.

2. Ережеде мынадай негізгi терминдер және ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку