Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 Қаулысы (2015.28.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 Қаулысы

(2015.28.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 28 қаңтардағы

№ 38 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 794 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции