(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.28.01 № 38 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган шикізатын сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутек шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заңда анықталған мағынаға ие болады.
2. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа