(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 6 НАУРЫЗДАҒЫ № 392-II ЗАҢЫ
Микрокредиттік ұйымдар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392-II Заңы
(2010.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді және микрокредиттік ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметінің, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшеліктерін белгілейді.
2006 ж. 08.12. №198-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) кредиттік досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәліметтер;
3) микрокредит - микрокредиттік ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша;
4) микрокредиттік ұйым - осы Заңда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану талаптарымен берілген микрокредит.
2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа