(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 6 НАУРЫЗДАҒЫ № 392-II ЗАҢЫ
Микрокредиттік ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 6 наурыздағы № 392-II Заңы
(2006.22.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Микрокредиттерді беру
3-тарау. Микрокредиттік ұйымдарды құру
және олардың қызметі
4-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді және микрокредиттік ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметінің, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшеліктерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қарыз алушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға;
2) кредиттік досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәліметтер;
3) микрокредит - микрокредиттік ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша;
4) микрокредиттік ұйым - осы Заңда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану талаптарымен берілген микрокредит.
2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа