«Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысы
(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қазандағы
№ 1125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 136 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1382 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-бөлім өзгертілді
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама
|
Демо – версия документа