«Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1382 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1382 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы жалпы қосылған құнның (бұдан әрі - ЖҚҚ) 30 %-ға өсуі.
2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы - 80 %.
3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 2014 жылы - 55 %.
4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) ғарыш аппараттарынан (бұдан әрі - ҒА) алынатын деректердің үлесі - 50 %.
5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясын енгізу.»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жолда:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2010 - 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға байланысты республикалық бюджеттен қаржы шығындары 137,7 млрд. теңгені құрайды.»;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
«Сала (сектор) жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың (сектордың) елдің әлеуметтік-экономикалық және бұқаралық-саяси дамуына әсерін бағалау» деген 3.1-кіші бөлімде:
Демо – версия документа