Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу керек» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1092 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу керек
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1092 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;

кіріспе «2-тармағына» деген сөздерден кейін «және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабына» деген сөздермен толықтырылсын:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 21 қазандағы

№ 1092 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің құрылымдық бөлімшелері - мекенжай бюролары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді, олардың тізбесі мен жұмыс кестесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку