Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 Қаулысы (2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 Қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.11.03. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 231 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімдерін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің (htp://www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімі) интернет-ресурсында;

2) Орталықтардағы стенділерде;

3) «электрондық үкімет» веб-порталында;

4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің (8-7172) 58-00-58 телефоны бойынша, «электрондық үкімет» веб-порталы (1414) call-орталығының телефоны бойынша да берілуі мүмкін.

5. Әділет және ішкі істер органдарының уәкілетті адамдарының электрондық цифралық қолдары қойылған, осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық құжат нысанындағы мекенжай анықтамасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

тұтынушы Орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап жеке тұлғалар үшін 10 минуттан, заңды тұлғалар үшін 30 минуттан аспайды;

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілген ең көп күту уақыты 30 минуттан аспайды;

3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты жеке тұлғалар үшін 10 минуттан, заңды тұлғалар үшін 30 минуттан аспайды.

Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап тұтынушыға ол Орталыққа не веб-порталға жүгінген күні ішінде беріледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) Орталықтың - жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптасына алты күн, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 82 және 83-баптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

веб-порталдың - тәулік бойы, түскі үзіліссіз.

10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандус) көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, өтініш бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:

1) Орталыққа:

жеке тұлғалар - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасын;

осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын тұтынушыға беру үшін тұтынушының жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайлары) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін;

заңды тұлғалар - сенімхат немесе тұтынушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжатты, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімін ұсынады;

Орталықтың қызметкері құжаттар пакетін қабылдаған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінен деректерді тұтынушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырып тексереді және түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы:

электронды құжат нысанында сұрау салады.

Порталда мемлекеттік қызмет осы жеке тұлғаларға қатысты мекенжай анықтамасын бере отырып, тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталықта өтініш бланкілерін

толтыру талап етілмейді.

Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес электронды құжат нысанындағы сұрау салу толтыру қажет.

13. Орталықта құжаттарды қабылдауды Орталық қызметкерлері жүзеге асырады.

Веб-порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

14. Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезінде Орталық қызметкері халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінде тиісті жазба жасайды.

Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда тұтынушыға веб-порталдағы «жеке кабинетіне» тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Тұтынушы мекенжай анықтамасын:

1) сұрау салуды жолдаған Орталық қызметкерінен;

2) веб-порталдағы «жеке кабинетте» - сұрау салуды өздігінен жолдаған жағдайда алады.

16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі тұтынушыға қатысты мынадай;

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;

3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;

4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;

5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

6) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18.Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың нәтижелері осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті орган мен Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді, олардың байланыс деректері осы стандартың 4-қосымшасында көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, шағымдар тұтынушының таңдауы бойынша:

1) тікелей уәкілетті органның басшысына жүгіну арқылы жолданады. Уәкілетті орган басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ www.mvd.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (8-7172)-71-46-46 нөмірі бойынша «сенім телефонына» жүгіну арқылы жолданады. Республиканың уәкілетті органдары «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартына 6-қосымшада көрсетілген.

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сенім парағы» бөлімінде www.mvd.kz  мекенжайы бойынша жүгіну арқылы жолданады.

4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің блогына (www.mvd.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсындағы «Ішкі істер министрінің блогы» беті);

5) ішкі істер органдарында немесе Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдануға болатын ішкі істер органының кеңсесіне немесе Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жазбаша шағыммен жүгіну арқылы жолданады.

22. Орталық қызметкерлерінің әдепсіз қызмет көрсетуіне шағымдар тұтынушының таңдауы бойынша:

1) тікелей Орталықтың басшысына жүгіну арқылы жолданады. Орталықтар басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;

2) «Орталық» 117 және «электрондық үкімет» веб-порталы 1414-саІІ-орталықтардың нөмірлері бойынша;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің блогына e-mail: kagu-con@mci.gov.kz  интернет-ресурсына.

4) Орталықтарда немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үйдің 14-кіреберісі, интернет-ресурсы e-mail: kagu-con@mci.gov.kz  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті мекенжайы бойынша және «электрондық үкімет» веб-порталы 1414 Call-орталықтың нөмірі бойынша орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

5) Орталықтың кеңсесіне немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үйдің 14-кіреберісі, интернет-ресурсы e-mail: kagu-con@mci.gov.kz Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеттің мекенжайы және «электрондық үкімет» веб-порталы 1414 Call-орталықтың нөмірі бойынша жазбаша шағыммен жүгіну арқылы жолданады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолдану керек.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетіне шағым жасалған лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым уәкілетті органның, Орталықтың, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

Өтініш берушінің шағымын қарау нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) тізбесі

 

Р/с №

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а»-үй

40-10-76

40-10-76

қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

56-40-34

56-57-87

қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б»-үй

21-24-35

24-41-33

қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б»-үй

21-29-42

21-37-17

қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинская көшесі, 37 «а»-үй

78-42-90

78-42-36

қабылдау бөлмесі

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-54-00

33-55-93

қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

56-90-07

56-90-01

қабылдау бөлмесі

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

28-29-14

28-29-14

қабылдау бөлмесі

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

44-64-61

41-12-85

қабылдау бөлмесі

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

53-46-15

54-10-20

қабылдау бөлмесі

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/з

23-08-05

23-07-16

қабылдау бөлмесі

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б»-үй

42-21-25

42-23-11

қабылдау бөлмесі

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

33-47-54

33-47-35

қабылдау бөлмесі

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

33-31-03

33-12-57

қабылдау бөлмесі

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/з

21-48-96

30-06-79

қабылдау бөлмесі

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

378-09-09

378-09-09

қабылдау бөлмесі

17

Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51-үй

247-16-37

247-16-33

қабылдау бөлмесі

18

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 «а»-үй

396-20-02

3962188

қабылдау бөлмесі

19

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 155-үй

390-18-10

390-18-08

қабылдау бөлмесі

20

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

239-65-54

239-65-55

қабылдау бөлмесі

21

Алматы қаласы Түркісіб ауданының, ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

234-09-35

234-09-74

қабылдау бөлмесі

22

Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Жан қожа батыр көшесі, 24-үй

395-36-14

395-36-10

қабылдау бөлмесі

23

Астана қаласы Алматы ауданының ХҚО

Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй

53-74-68

57-07-72

қабылдау бөлмесі

24

Астана қаласы Есіл ауданының ХҚО

Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үЙ

50-13-72

50-13-71

қабылдау бөлмесі

25

Астана қаласы Сарыарқа ауданының ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

32-66-58

32-46-97

қабылдау бөлмесі

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

 2-қосымша

 

Нысан

 

 

Құжат электрондық үкімет порталымен құрылған

Бірегей нөмір

 

Документ сформирован порталом электронного правительства

Уникальный номер

 

 

Алу күні

 

Дата получения

 

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ

АДРЕСНАЯ СПРАВКА

 

ЖCН__________________

Мемлекеттік деректер базасының мәліметі бойынша__________________________________________________________________________

По сведениям из государственной базы данных                                         (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері)

                                                                                                           (фамилия, имя, отчество, гад и место рождения)

Мына мекенжай бойынша:_________________________________________________________________________________________________

тіркелген.

Зарегистрирован по адресу:

Тіркелген күні:__________________________________________________________________________

Дата регистрации

Берілген күні мен уақыты_________________________________________________________________

Дата и время выдачи:

 

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

Данный документ согласно пункту І статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

 

 

Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасынан) алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі электрондық цифрлық қол қойған деректер жазылады.

*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные электронно-цифровыми подписями:

Министерства юстиции Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан

 

Нысан

 

Документ сформирован порталом    электроного правительства

Бірегей нөмір

 

 

Құжат электрондық үкімет порталымен құрылған

 

 

Алу күні

 

Дата получения

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы ақпандағы

№ қаулысымен

бекітілген

мемлекеттік қызмет

стандартына 2-қосымша

 

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ

АДРЕСНАЯ СПРАВКА

 

ЖСН_____

Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері бойынша__________________________________

По сведениям из государственной базы данных

(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері)

(фамилия, имя, отчество, год и место рождения)

Мына мекенжай бойынша:__________________________________________________________

тіркелген

Зарегистрирован по адресу:_________________________________________________________

Тіркелген күні:____________________________________________________________________

Дата регистрации

Берілген күнінен уақыты:_____________

Дата и время выдачи

 

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

Данный документ согласно пункту І статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

 

 

Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Және тұлға» мемлекеттік деректер базасынан) алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі электрондық цифрлық қол қойған деректер жазылады.

*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики Казачстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдағы жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100

 

 

2. Сапасы

2. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

3. Қолжетімділігі

3. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

4. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100

 

 

4. Шағымдану үдерісі

5. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

5. Сыпайылық

6. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

Ішкі істер органдары бөліністерінің тізбесі және уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне)

 шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмек көрсететін лауазымды адамдардың

деректері

 

Р/с

Органның атауы

Электрондық пошта мекенжайы

Адамның лауазымы

Лауазымды адамның кабинет нөмірі

Лауазымды адамның телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

Астана қаласы Ішкі істер департаменті:

 

бастықтың бірінші орынбасары

204

71-61-00

2

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті

www.police.kz

өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі

416

254-43-88

3

Ақмола облысы Ішкі істер департаменті

www. akmdvd.online.kz

хатшылық инспекторы

66

29-11-24 29-10-53

4

Алматы облысы Ішкі істер департаменті

DVD ALM OBL@MAIL.KZ

хатшылық бастығы

306

60-80-22

5

Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті

teletaip@aktobedvd.kz

хатшылық бастығы

301

51-27-55

6

Атырау облысы Ішкі істер департаменті

dvd-atyrau@ mail.ru

хатшылық бастығы

62

98-20-10

7

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті

admsekret@ aips.ustk. kz

хатшылықтың бас маманы

406

23-44-36,

23-44-57,

23-43-21

8

Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті

police@taraz.kz

хатшылық бастығы

105

99-72-39

9

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті

sokolur@mail.ru

хатшылық бастығы

306

50-35-85, 98-45-06

10

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті

press @krgdvd.kz

хатшылық бастығы

205

41-26-07

11

Қостанай облысы Ішкі істер департаменті

веб-сайт: www. kostanaypo lice.kz

бастықтың бірінші орынбасары

306

52-60-69

12

Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті

dvd kzo @rambler.m

кадр басқармасының бастығы

211

27-71-49

13

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті

uvd mang@mail.kz

хатшылық бастығы

304

43-08-76, 47-50-11

14

Павлодар облысы Ішкі істер департаменті

веб-сайт: www. dvdpavlodar. kz

хатшылық бастығы

213

32-04-52

15

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті

uvdsko@mail.ru

хатшылық бастығы

202

39-40-20

16

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті

веб-сайт: www.dvd-uko.kz

хатшылық инспекторы

213

97-67-70

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

 

 

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері басшыларының заңды

мекенжайлары мен байланыс телефондары

 

Р/с №

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурсы

Ішкі істер депратаменттері хатшылығының телефондары

Көші-қон полициясы бөліністерінің телефондары

1.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19

www.ast.dvd.mvd. kz

71-61-98, 71-61-99

71-61-70, 71-60-18, 71-63-66

1)

«Алматы» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2

 

71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1

 

71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21

 

79-88-02, 79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35

www.akmdvd. online kz

29-11-24, 29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121

 

25-78-05, 29-96-79

23-03-49

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции