(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.04 Ж. № 863 ҚАУЛЫСЫ
Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн
iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 Қаулысы
(2009.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1019 Қаулысымен үлгі нысаны жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 17 тамыздағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген
Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру
төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы
шарттың үлгі нысаны
200_ жылғы «__»____________ | №_____ | ____________қаласы |
Бұдан әрі «Агент» деп аталатын ____________________________________________________________________________________________
атынан Жарғы негізінде әрекет ететін басқарма төрағасы ____________
__________________ бір тараптан және бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын __________________________________________
атынан Жарғы, 200 жылғы «___ «________»жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензия негізінде әрекет ететін _______________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Сақтанушылар заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының салдарынан туындаған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шеңберіндегі сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртіппен төленген соманың бір бөлігін Сақтандырушыға өтеу.
Редакция документа
Демо – версия документа