(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.04 Ж. № 863 ҚАУЛЫСЫ
Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн
iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 17 тамыздағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру төлемдерiн ішінара өтеу тәртібі
мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны
200__ж. "__" ________ N______ ____________ қ.
Бұдан әрi "Агент" деп аталатын, __________________________
басқармасы төрағасының атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн __________________________ бiрiншi тараптан және бұдан әрi "Сақтандырушы" деп аталатын, __________________________ атынан Жарғы, 200__ж. "__" ________ "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берілген лицензия негiзiнде әрекет ететiн __________________ екiншi тараптан, бұдан әрi "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Сақтанушы заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шеңберіндегі сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртiппен төленген соманың бiр бөлігін Сақтандырушыға өтеу.
2. Өзара есеп айырысу тәртібі мен талаптары
Редакция документа
Демо – версия документа