(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2315 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 39-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
«Анықтамалар беру» деген 5-бөлімнің реттік нөмірлері 93 және 94-жолдарының 3-бағанында «Жеке» деген сөзден кейін «және заңды» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа