«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген) (2012.09.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан
шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген баламалы негіздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» кіші бөлімінде;
2) порталда;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі -«ХҚКО» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Орталықтар ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы телефоны (1414) арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады;
порталда - қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауаптың дайын екендігі туралы хабарлама болып табылады. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтама және мұрағаттық құжаттар көшірмелері өтініште көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
уәкілетті органда:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызмет құжаттар берілген күні жеке өзіне көрсетіледі;
2) пошта арқылы жазбаша өтініш берілгенде осы стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;
4) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 20 күнге дейін (Орталық орналасқан жердің ара қашықтығына байланысты);
2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут.
Портал арқылы қызмет үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін әрбір құжатқа «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 540-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 %-ын құрайтын мемлекеттік баж алынады. Апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттарға портал арқылы электрондық сауал берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
1) уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, аптасына алты күн, үзіліссіз. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;
3) порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
уәкілетті орган ғимаратында құқықтық тәртіпті қорғау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары болады. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Орталықта мемлекеттік қызмет алушылардың таңдауы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайларымен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілерімен ақпараттық стенділері болады.
Порталда - жеке кабинетте.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
уәкілетті органға:
1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелері;
3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты;
2) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелері;
3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.
Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері құжат қабылдаған кезде мемлекеттік органның мемлекеттік ақпарат жүйесінен алынған мәліметтермен салыстырғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.
Порталда:
1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сауалы;
2) электрондық сауалға мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат берген мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерінің сканерленген нұсқасы тіркеледі;
3) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлегені туралы ақпарат.
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметті уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Порталдың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.
12. Мемлекеттік қызметті алушы өтініш білдірген кезде:
уәкілетті органда өтініштер, бланкілер толтыру талап етілмейді.
Орталықта өтініш бекітілген нысандағы өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс нысанын толтыру қажет.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 224-кабинетке тапсырылады.
Орталықтарда құжаттар қабылдау операциялық залдағы «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде электрондық сауалды жіберу мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. Сауал автоматты түрде уәкілетті органға - таңдалған қызметке сәйкес адресатқа жіберіледі.
14. Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде, күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға (немесе сенім хаты бойынша өкілге) берілетін талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Орталыққа өтініш білдірген кезде мыналарды көрсете отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) сауалдың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні, (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты-жөні, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.
15. Уәкілетті орган апостильденген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы, не мемлекеттік қызметті алушыға жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге жібереді, мемлекеттік қызметті алушы жеке өзі келгенде жеке куәлігін, не өкіл сенімхатты ұсынған жағдайда беріледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беру мына мекенжайда жүргізіледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 215-кабинет, телефоны: (7172) 74-05-29.
Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттар беруді қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде Орталық қызметкері «терезе» арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде қызметтің нәтижесін алмаған жағдайда, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына береді.
Порталда қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органнан немесе порталда электрондық құжат түрінде «жеке кабинетінде» алады.
Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимарат, 15-кіреберіс, 215-бөлме, телефоны: (7172) 74-05-29 уәкілетті орган түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.
Сонымен бірге Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
21. Қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 309-кабинет, телефон: (7172) 74-01-63, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.
22. Уәкілетті органның қызметкері дөрекілік көрсеткен жағдайда уәкілетті орган басшысының атына шағым беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Уәкілетті органның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 225-бөлме. Уәкілетті орган басшысының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.
Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталық ғимараттарында қойылған стенділерде көрсетілген орталықтың немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап жіберілетін пошталық мекен-жайы;
3) шағымның мәнін баяндау;
4) жеке қолы және күні.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе олардың көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.
25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш білдіргенде, оның Орталықтың кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатына қойылады) қолма-қол берген және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғандығына растау болып табылады.
Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
26. Уәкілетті орган мына мекенжай бойынша орналасқан: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-05-29, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz.
«ХҚКО» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
мұрағаттарынан шығатын және шет
елге жіберілетін мұрағаттық
анықтамалар мен мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
Р/с № | Орталықтардың атауы (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер) | Орналасқан мекен жайы | Байланыс деректері | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 а-үй | 8 (7162) 40-10-76 8 (7162) 40-10-63 | |
1) | Көкшетау қалалық бөлімі | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142-үй | 8 (7162) 25-04-78 | |
2) | Красный Яр с. аудандық бөлімі | Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65-үй | 8 (7162) 40-43-27 | |
3) | Ақкөл аудандық бөлімі | Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй | 8 (71638) 2-09-96 8 (71638) 2-18-49 | |
4) | Аршалы аудандық бөлімі | Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәметова көшесі, 19-үй | 8 (71644) 2-10-77 8 (71644) 2-28-28 8 (71644) 2-10-77 | |
5) | Атбасар аудандық бөлімі | Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй | 8 (71643) 2-45-94 8 (71643) 4-07-22 8 (71643) 4-12-58 | |
6) | Астрахан аудандық бөлімі | Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44-үй | 8 (71641) 2-35-96 8 (71641) 2-21-94 | |
7) | Бұланды аудандық бөлімі | Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй | 8 (71646) 2-37-20 8 (71646) 2-37-81 | |
8) | Бурабай аудандық бөлімі | Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 42-үй | 8 (71636) 4-29-97 8 (71636) 4-28-91 8 (71636) 4-59-28 | |
9) | Егіндікөл аудандық бөлімі | Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй | 8 (71642) 2-12-57 | |
10) | Ерейментау аудандық бөлімі | Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15-үй | 8 (71633) 2-44-92 | |
11) | Еңбекшілдер аудандық бөлімі | Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а-үй | 8 (71639) 2-22-41 8 (71639) 2-22-42 8 (71639) 2-22-18 | |
12) | Есіл аудандық бөлімі | Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56-үй | 8 (71647) 2-22-07 | |
13) | Жарқайың аудандық бөлімі | Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104-үй | 8 (71648) 9-00-35 8 (71647) 2-22-05 | |
14) | Жақсы аудандық бөлімі | Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8-үй | 8 (71635) 2-17-10 | |
15) | Зеренді аудандық бөлімі | Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52-үй | 8 (71632) 2-00-74 | |
16) | Қорғалжын аудандық бөлімі | Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 19-үй | 8 (71637) 2-17-83 8 (71637) 2-20-36 | |
17) | Степногор қалалық бөлімі | Степногор қаласы, 9 ш/а, 83 ғимарат | 8 (71645) 2-00-40 8 (71645) 2-00-30 | |
18) | Сандықтау аудандық бөлімі | Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй | 8 (71640) 9-26-66 | |
19) | Целиноград аудандық бөлімі | Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй | 8 (71651) 3-12-30 8 (71651) 3-11-98 | |
20) | Шортанды аудандық бөлімі | Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше, 1-үй | 8 (71631) 2-17-97 | |
«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 8 (7132) 56-57-87 | |
1) | Ақтөбе қалалық № 1 бөлімі | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 8 (7132) 57-80-27 | |
2) | Қарғалы с. (Жилянка) | Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10-үй | 8 (7132) 98-60-06 8 (7132) 98-60-05 | |
3) | Алға аудандық бөлімі | Алға ауданы, Алға қаласы, Айымбаев көшесі, 23-1 үй | 8 (71337) 3-20-79 8 (71337) 3-10-96 | |
4) | Мәртөк аудандық бөлімшесі | Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»-үй | 8 (71331) 22-4-13 8 (71331) 22-1-14 | |
5) | Хромтау аудандық бөлімі | Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12-үй | 8 (71336) 26-6-33 8 (71336) 26-6-34 | |
6) | Мұғалжар аудандық бөлімі | Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный ш/а, 47 «Б»-үй | 8 (71333) 30-2-19 8 (71333) 30-2-18 | |
7) | Ембі аудандық бөлімі | Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Тлепбергенов көшесі, 1-үй | 8 (71334) 23-9-83 | |
8) | Темір аудандық № 8 бөлімі | Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15/3 үй | 8 (71346) 23-5-83 8 (71334) 23-9-87 | |
9) | Қобда аудандық бөлімі | Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесі, 2-үй | 8 (71341) 22-1-47 8 (71341) 22-1-38 | |
10) | Қарғалы аудандық бөлімі | Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27 «А» үй | 8 (71342) 23-4-64 8 (71342) 23-4-62 | |
11) | Ойыл аудандық бөлімі | Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64/б үй | 8 (71332) 21-1-81 8 (71332) 21-1-82 | |
12) | Әйтеке би аудандық бөлімі | Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10-үй | 8 (71339) 22-3-73 8 (71339) 22-3-74 | |
13) | Байғанин аудандық бөлімі | Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»-үй | 8 (71345) 23-5-86 8 (71345) 23-5-87 | |
14) | Ырғыз аудандық бөлімі | Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7-үй | 8 (71343) 21-8-28 | |
15) | Шалқар аудандық бөлімі | Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар ауылы, Әйтеке би көшесі, 63-үй | 8 (71335) 23-6-10 8 (71335) 23-6-11 | |
«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | «Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б-үй | 8(7282) 24-15-06 8(7282) 24-41-33 | |
1) | Ақсу аудандық бөлімі | Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20-үй | 8 (72832) 2-14-51 | |
| Қапал бөлімшесі | Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3-үй | 8(72841) 2-17-60 | |
2) | Алакөл аудандық бөлімі | Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі, 63-үй | 8(72833) 2-35-46 8(72833) 2-35-48 | |
| Қабанбай бөлімшесі | Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237-үй | 8(72837) 4-13-85 | |
3) | Балқаш аудандық бөлімі | Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А»-үй | 8(72773) 95-2-22 8(72773) 9-18-20 | |
4) | Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі | Есік қаласы, Абай көшесі, 314А-үй | 8(72775) 4-54-70 8(72775) 4-54-69 | |
| Шелек бөлімшесі | Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100-үй | 8(72775) 2-34-96 8(72775) 2-34-97 | |
5) | Ескелді аудандық бөлімі | Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52-үй | 8(72836) 3-22-16 | |
6) | Жамбыл аудандық бөлімі | Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1-үй | 8(72770) 2-30-90 | |
7) | Іле аудандық бөлімі | Өтеген батыр кенті, Қуат ш/а, Тәуелсіздік көшесі, 25-үй | 8(727) 251-74-46 8(727) 251-74-47 | |
| Боралдай бөлімшесі | Боралдай ауылы, Мәскеу тұйық көшесі, 2 үй | 8(72738) 7-82-42 | |
| Қараой бөлімшесі | Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9-үй | 8(7275) 24-88-10 | |
| Ақшы бөлімшесі | Ақшы ауылы, Қонаев көшесі, 29-үй |
| |
8) | Қарасай аудандық бөлімі | Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38-үй | 8(72771) 2-56-86 8(72771) 2-56-96 | |
| Тау Самалы бөлімшесі | Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129-үй | 8(727) 391-38-58 | |
| Шамалған бөлімшесі | Шамалған станциясы, Дүйсеков көшесі, 41 үй | 8(7272) 93-66-33 | |
9) | Қаратал аудандық бөлімі | Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22-үй | 8(72834) 2-02-07 8(72834) 2-20-92 | |
10) | Кербұлақ аудандық бөлімі | Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, нөмірсіз үй | 8(72840) 3-25-88 | |
| Қоғалы бөлімшесі | Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45-үй | 8(72842) 9-10-59 | |
11) | Көксу аудандық бөлімі | Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10-үй | 8(72838) 2-16-19 8(72838) 2-16-18 | |
12) | Қапшағай қалалық бөлімі | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41-үй | 8(72772) 4-79-61 8(72772) 4-79-60 | |
| Шеңгелді бөлімшесі | Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көш,34 | 8(72772) 7-11-94 | |
13) | Сарқанд аудандық бөлімі | Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, 44/46 | 8(72839) 2-35-80 8(72839) 2-37-14 | |
| Лепсі бөлімшесі | Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі, 1А үй | 8(72843) 2-10-16 | |
14) | Райымбек аудандық бөлімі | Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, нөмірсіз үй | 8(72777) 2-20-84 8(72777) 2-20-82 8(72777) 2-18-78 | |
| Нарынқол бөлімшесі | Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, нөмірсіз | 8(72779) 2-11-65 | |
15) | Панфилов аудандық бөлімі | Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, нөмірсіз | 8(72831) 5-51-11 | |
16) | Талғар аудандық бөлімі | Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 «А»-үй | 8(727) 388-11-30 8(72774) 2-21-43 8(72774) 2-21-33 | |
| Нұра бөлімшесі | Нұра ауылы, Школьная көшесі, 10-үй | 8(72774) 5-80-62 | |
17) | Талдықорған қалалық бөлімі | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б | 8(7282) 24-49-75 8(7282) 24-40-43 | |
18) | Текелі қалалық бөлімі | Текелі қаласы, Октябрь көшесі, 7-үй | 8(72835) 4-35-38 8(72835) 4-35-18 | |
19) | Ұйғыр аудандық бөлімі | Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35-үй | 8(72778) 2-43-35 8(72778) 2-43-31 8(72778) 2-43-32 | |
«Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1 | «Атырау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй | 8 (7122) 21-34-67 | |
1) | Облыстық бөлім | Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй | 8 (7122) 21-29-42 | |
2) | №1 қалалық бөлімі | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16а-үй | 8 (7122) 35-75-05 8 (7122) 35-75-30 | |
3) | № 2 қалалық бөлімі | Атырау қаласы, Балықшы, Байжігітов көшесі, 80 а-үй | 8 (7122) 24-34-90 8 (7122) 24-37-89 | |
4) | Индер аудандық бөлімі | Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30-үй | 8 (71234) 2-12-96 8 (71234) 2-18-38 | |
5) | Махамбет аудандық бөлімі | Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10-үй | 8 (71236) 2-24-96 8 (71236) 2-15-25 | |
6) | Қызылқоға аудандық бөлімі | Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 1-үй | 8 (71238) 2-20-46 8 (71238) 2-20-27 | |
7) | Жылыой аудандық бөлімі | Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8-үй | 8 (71237) 5-03-54 8 (71237) 5-01-28 | |
8) | Құрманғазы аудандық бөлімі | Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66 а-үй | 8 (71233) 2-05-13 8 (71233) 2-07-14 | |
9) | Мақат аудандық бөлімі | Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат ауылы, Орталық көшесі, 2-үй | 8 (71239) 3-22-97 8 (71239) 3-22-96 | |
10) | Исатай аудандық бөлімі | Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егеменді Қазақстан көшесі, 9-үй | 8 (71231) 2-16-70 8 (71231) 2-16-69 | |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 а-үй | 8 (7232) 78-42-36 8 (7232) 28-94-67 | |
1) | Өскемен қалалық № 1 бөлімі | Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20/1-үй | 8 (7232) 60-39-22 | |
2) | Өскемен қалалық № 2 бөлімі | Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1-үй | 8 (7232) 57-83-88 8 (7232) 22-81-37 | |
3) | Глубокое аудандық бөлімі | Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 22-үй | 8 (72331) 2-23-35 | |
4) | Зайсан қалалық бөлімі | Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелді көшесі, 52 а-үй | 8 (72340) 2-67-81 | |
5) | Зырянов аудандық бөлімі | Зырянов ауданы, Зырянов қаласы, Стаханов көшесі, 39-үй | 8 (72335) 6-02-39 | |
6) | Қатонқарағай аудандық бөлімі | Қатонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 96-үй | 8 (72341) 2-23-60 | |
7) | Күршім аудандық бөлімі | Күршім ауданы, Күршім ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 77-үй | 8 (72339) 2-13-10 | |
8) | Риддер аудандық бөлімі | Риддер қаласы, Семей көшесі, 12-үй | 8 (72336) 4-62-62 | |
9) | Тарбағатай аудандық бөлімі | Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі, 8 үй | 8 (72346) 2-24-96 | |
10) | Ұлан аудандық бөлімі | Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 9-үй | 8 (72338) 2-78-96 | |
11) | Шемонаиха қалалық бөлімі | Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, 3ш/а, 12-үй | 8 (72332) 3-41-00 | |
12) | Семей қалалық бөлімі | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | 8 (7222) 33-57-97 8 (7222) 33-55-93 | |
13) | Семей қалалық № 2 бөлімі | Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161 А-үй | 8 (7222) 52-69-29 | |
14) | Абай аудандық бөлімі | Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбаев көшесі, 12-үй | 8 (72252) 2-22-64 | |
15) | Аягөз қалалық бөлімі | Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 84-үй | 8 (72237) 5-24-32 | |
16) | Бесқарағай аудандық бөлімі | Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А-үй | 8 (72236) 9-06-30 | |
17) | Бородулиха аудандық бөлімі | Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25-үй | 8 (72351) 2-20-48 | |
18) | Жарма аудандық бөлімі | Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 -үй | 8 (72347) 6-54-00 | |
19) | Курчатов аудандық бөлімі | Курчатов ауданы, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 12-үй | 8 (72251) 2-21-66 | |
20) | Көкпекті аудандық бөлімі | Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 38-үй | 8 (72348) 2-21-71 | |
21) | Үржар аудандық бөлімі | Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 116-үй | 8 (72230) 2-19-85 | |
«Жамбыл облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Жамбыл облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232-үй | 8(7262) 56-90-01 8(7262) 46-00-28 | |
1) | Тараз қалалық бөлімі | Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 158 «а»-үй | 8 (7262) 43-84-21 | |
2) | № 1 бөлім | Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б» | 8 (7262) 56-90-27 | |
3) | № 2 бөлім | Тараз қаласы, Талас ш/а, 2-үй | 8(72622) 6-17-78 | |
4) | № 3 бөлім | Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232-үй | 8(7262) 56-90-04 | |
5) | Байзақ аудандық бөлімі | Сарыкемер ауылы, Медеуов көшесі, 33-үй | 8(72637) 2-28-04 | |
6) | Жамбыл аудандық бөлімі | Аса ауылы, Абай көшесі, 127-үй | 8(72633) 2-11-99 | |
7) | Жуалы аудандық бөлімі | Б.Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы көшесі, 49-үй | 8(72635) 5-02-46 | |
8) | Қордай аудандық бөлімі | Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215 -үй | 8(72636) 2-13-52 | |
9) | Мерке аудандық бөлімі | Мерке ауылы, Исмаилов көшесі, 232-үй | 8(72632) 4-42-54 | |
10) | Мойынқұм аудандық бөлімі | Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 215-үй | 8(72642) 2-47-93 | |
11) | Сарысу аудандық бөлімі | Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 1 | 8(72634) 6-33-00 | |
12) | Талас аудандық бөлімі | Қаратау қаласы, Молдағұлова көшесі, 51-үй | 8(72644) 6-33-93 | |
13) | Т. Рысқұлбеков аудандық бөлімі | Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 71-үй | 8 (72631) 2-18-10 | |
14) | Шу аудандық бөлімі | Шу қаласы, Автобаза көшесі, 1-үй | 8 (72643) 2-17-97 | |
15) | Гродеково ауылдық бөлімі | Гродеково ауылы, Бейбітшілік көшесі, 88-үй | 8(72633) 3-16-76 8 (7262) 51-23-24 | |
«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | БҚО, Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2-үй | 8 (7112) 23-68-81 8 (7112) 28-25-27 8 (7112) 28-29-14 | |
1) | Ақжайық аудандық бөлімі | БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Ақжайық тұйық көшесі, 2-үй | 8-711-36-92-580 | |
2) | Бөкейорда аудандық бөлімі | БҚО, Бөкейорда ауданы, Сайхин ауылы, Берғалиев көшесі, 1-үй | 8-711-40-21-8478-711-40-21-835 | |
3) | Бөрілі аудандық бөлімі | БҚО, Бөрілі ауданы, Ақсай ауылы, Темір жол көшесі, 121 А-үй | 8-711-33- 35-5508711-33-36-778 | |
4) | Жаңақала аудандық бөлімі | БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 63А-үй | 8-711-41-22-4038-711-41-22-404 | |
5) | Жәнібек аудандық бөлімі | БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, 79-үй | 8-711-35-22-425 | |
6) | Зеленов аудандық бөлімі | БҚО, Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 69Б-үй | 8-711-30-23-6148-711-30-23-616 | |
7) | Қазталов аудандық бөлімі | БҚО, Қазталов ауданы, Қазталовка ауылы, Лұқманов көшесі, 22А-үй | 8-711-44-32-2048-711-44-32-205 | |
8) | Қаратөбе аудандық бөлімі | БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 23/1-үй | 8-711-45-31-8008-711-45-31-463 | |
9) | Сырым аудандық бөлімі | БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/2 -үй | 8-711-34-31-4468-711-34-31-447 | |
10) | Тасқала аудандық бөлімі | БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Вокзал көшесі, 6-үй | 8-711-39-22-3988-711-39-21-979 | |
11) | Теректі аудандық бөлімі | БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 24-үй | 8-711-32-23-3788-711-32-23-379 | |
12) | Шыңғырлау аудандық бөлімі | БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесі, 95-үй | 8-711-37-33-3118-711-37-34-420 | |
13) | Қазталов аудандық бөлімі | БҚО, Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылы, С.Датұлы көшесі, 23-үй | 8-711-38-21-0448-711-38-21-045 | |
14) | Дарьинское ауылдық округі бөлімі | БҚО, Зеленов ауданы, Дарьинское ауылы, Балдырған көшесі, 27/1-үй | 8-711-31-24-0808-711-31-24-082 | |
15) | Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі бөлімі | БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Шемякин көшесі, 13-үй | 8-711-42-21-884 | |
16) | Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі бөлімі | БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі, 5-үй | 8-711-43-91-316 | |
«Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 8 (7212) 41-63-10 | |
1) | Қарағанды қалалық № 1 бөлім | Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3-үй | 8 (7212) 33-13-10 | |
2) | Қарағанды қалалық № 2 бөлім | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 8 (7212) 41-03-92 | |
3) | Қарағанды қалалық № 3 бөлім | Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5-үй | 8 (7212) 77-26-57 | |
4) | Қарағанды қалалық № 4 бөлім | Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 8-үй | 8 (7212) 45-71-01 | |
5) | Қарағанды қалалық № 5 бөлім | Қарағанды қаласы, 21 ш/а, 6/7-үй | 8 (7212) 32-92-51 | |
6) | Қарағанды қалалық № 6 бөлім | Қарағанды қаласы, Серов көшесі, 73-үй | 8 (7212) 93-16-94 | |
7) | Теміртау қалалық № 1 бөлім | Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23-үй | 8 (7213) 44-67-45 | |
8) | Теміртау қалалық № 2 бөлім | Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 128-үй | 8 (7213) 99-79-96 | |
9) | Абай аудандық № 1 бөлім | Абай қаласы, Абай көшесі, 54-үй | 8 (72131) 4-77-07 | |
10) | Абай аудандық № 2 бөлім | Абай қаласы, Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 3 -үй | 8 (72153) 3-04-46 | |
11) | Саран қалалық бөлімі | Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85/3 үй | 8 (72137) 4-25-26 | |
12) | Шахтинск қаласы № 1 бөлім | Шахтинск қаласы, А. Құнанбаев даңғылы, 65 Б-үй | 8 (72156) 5-21-25 | |
13) | Шахтинск қаласы № 2 бөлім | Шахтинск қаласы, Шахан Квартал ауылы, квартал 10/16, 16-үй | 8 (72156) 3-20-99 | |
14) | Осакаров аудандық № 1 бөлім | Осакаров ауылы, Пристационная көшесі,12-үй | 8 (72149) 4-32-62 | |
15) | Осакаров аудандық № 2 бөлім | Осакаров ауданы, Молодежный кенті, Абай көшесі, 13-үй | 8 (72148) 2-22-46 | |
16) | Сәтпаев қалалық бөлімі | Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 111-үй | 8 (71063) 4-03-47 | |
17) | Балқаш қалалық бөлімі | Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 20 а-үй | 8 (71036) 6-83-37 | |
18) | Шет аудандық бөлімі | Ақсу-Аюлы ауылы, Жапақов көшесі, 23/1-үй, Ағадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі, 4-үй | 8 (71031) 2-21-88 | |
19) | Жезқазған қалалық бөлімі | Жезқазған қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 9 -үй | 8 (7102) 73-81-09 | |
20) | Жаңаарқа аудандық бөлімі | Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, А.Оспанов көшесі, 40-үй | 8 (71030) 2-69-09 | |
21) | Қаражал қалалық бөлімі | Қаражал қаласы, Ленин көшесі, 18-үй | 8 (71032) 2-70-21 | |
22) | Приозерск қалалық бөлімі | Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 7-үй | 8 (71039) 5-27-37 | |
23) | Бұхар жырау аудандық № 1 бөлімі | Бұхар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 37-үй | 8 (72154) 2-23-73 | |
24) | Бұхар жырау аудандық № 2 бөлімі | Бұхар жырау ауданы, Бейбітшілік көшесі, 24-үй | 8 (72138) 3-15-62 | |
25) | Ақтоғай аудандық № 1 бөлім | Ақтоғай кенті, Бөкейхан көшесі, 10-үй | 8 (71037) 2-11-05 | |
26) | Ақтоғай аудандық № 2 бөлім | Сарышаған кенті, Абай көшесі, 12-үй | 8 (71038) 22-3-39 | |
27) | Нұра аудандық бөлімі | Киевка ауылы, Сүлейменовтар көшесі, 2-үй | 8 (721-44) 2-11-11 | |
28) | Ұлытау аудандық бөлімі | Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Амангелді көшесі, 29 а-үй | 8 (71035) 2-13-06 | |
29) | Қарқаралы аудандық бөлімі | Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 21-үй | 8 (72146) 3-17-03 | |
«Қостанай облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1 | «Қостанай облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 8(7142) 53-44-84 8(7142) 53-25-56 | |
1) | Қостанай қаласының оңтүстік бөлігіндегі қалалық бөлімі | Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гашик көшесі, 14-үй | 8(7142) 26-45-51 | |
2) | Қостанай қаласының солтүстік бөлігіндегі қалалық бөлімі | Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Герцен көшесі 2б үй | 8 (7142) 391383 8 (7142) 391385 | |
3) | Алтынсарин аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 51-үй | 8(71445) 21-5-28 8 (71445) 21-5-29 | |
4) | Амангелді аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 27/7 -үй | 8(71440) 21-2-55 8(71440) 21-2-69 | |
5) | Арқалық қалалық бөлімі | Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай көшесі, 62-үй | 8(71430) 75-6-87 8(71430) 75-6-86 | |
6) | Әулиекөл аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Әулиекөл ауылы, Ленин көшесі, 32-үй | 8(71453) 21-8-31 8(71453) 21-9-02 | |
7) | Денисов аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Денисов ауылы, Советская көшесі, 13-үй | 8(71434)22-0-30 8(71434) 92-7-16 | |
8) | Жангелді аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылы, 8 наурыз көшесі, 37 | 8(71439) 22-0-05 8(71439) 21-5-85 | |
9) | Жітіқара аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 108-үй | 8(71435) 28-2-83 8(71435) 28-2-00 | |
10) | Қамысты аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 66-үй | 8(71437) 22-2-76 8(71437) 22-2-75 | |
11) | Қарабалық аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Чапаев көшесі, 3-үй | 8(71441) 32-9-61 8(71441) 32-5-02 | |
12) | Қарасу аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24-үй | 8(71452) 22-1-47 8(71452) 21-9-69 | |
13) | Лисаковск қалалық бөлімі | Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, 4 ш/а,25-үй | 8(71433) 32-0-90 8(71433) 35-3-89 | |
14) | Меңдіқара аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 4А-үй | 8(71443) 22-4-60 | |
15) | Наурызым аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Қараменді кенті, Шақшақ Жәнібек көшесі, 5-үй | 8(71454) 21-0-53 8(71454) 21-0-15 | |
16) | Рудный қалалық № 1 бөлім | Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Космонавттар көшесі, 12-үй | 8(71431) 49-8-02 | |
17) | Рудный қалалық № 2 бөлім | Қостанай облысы, Рудный қаласы, Корчагин көшесі, 76-үй | 8(71431) 90-0-38 8(71431) 98-9-47 | |
18) | Сарыкөл аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы, Ленин көшесі, 104-үй | 8(71451) 21-3-21 8(71451) 21-2-09 | |
19) | Таранов аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Таранов ауданы, Таранов ауылы, Калинин көшесі, 93-үй | 8(71436) 36-5-89 8(71436) 37-4-52 | |
20) | Ұзынкөл аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 79-үй | 8(71444) 21-5-67 8(71444) 21-1-62 | |
21) | Федоров аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Федоров ауданы,Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 56-үй | 8(71442) 22-5-18 8(71442) 23-2-83 | |
22) | Қостанай аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 53-үй | 8(71455) 24-3-15 8(71455) 24-3-16 | |
«Қызылорда облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Қызылорда облысы бойынша ХҚКО» РМК | Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е-үй | 8 (7242) 23-07-16 | |
1) | № 1 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Тасбөгет ауылы, Амангелді көшесі, нөмірсіз | 8 (7242) 21-66-64 | |
2) | № 2 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 82-үй | 8(7242) 25-60-57 | |
3) | № 3 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Шұғыла ш/а, 45 | 8(7242) 24-86-11 | |
4) | № 4 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Ақмешіт ш/а, 1 б-үй | 8 (7242) 22-48-27 | |
5) | Байқоңыр қалалық бөлімі | Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, 17 а-үй | 8(3362) 27-54-81 | |
6) | Арал аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Арал қаласы, Ерімбет көшесі, нөмірсіз | 8 (72433) 25-0-02 | |
7) | Қазалы аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, нөмірсіз | 8 (72438) 26-1-27 | |
8) | Қармақшы аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жосалы кенті, Абай көшесі, нөмірсіз | 8 (72437) 2-11-62 | |
9) | Жалағаш аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, нөмірсіз | 8 (72431) 32-3-03 | |
10) | Сырдария аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі, 55 үй | 8 (72436) 2-29-00 | |
11) | Шиелі аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Кәрімбаев көшесі, 16 А үй | 8 (72432) 4-15-59 | |
12) | Жаңақорған аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі, нөмірсіз | 8 (72435) 21-4-51 | |
«Маңғыстау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Маңғыстау облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67 б-үй | 8 (7292) 42-23-11 8 (7292) 42-23-12 | |
1) | Ақтау қалалық № 1 бөлім | Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67 б-үй | 8 (7292) 42-23-17 | |
2) | Жаңаөзен қалалық № 2 бөлім | Жаңаөзен қаласы, Өркен ш/а, Оқушылардың шығармашылық үйі | 8 (72934) 5-03-90 | |
3) | Мұнайлы аудандық № 3 бөлім | Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты | 8 (7292) 46-56-83 | |
4) | Бейнеу аудандық № 4 бөлім | Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, Жастар орталығы ғимараты | 8 (72932) 2-55-35 | |
5) | Бейнеу ауданы Боранқұл ауылдық № 9 бөлімше | Боранқұл ауылы, 7 ауыл, «Боранқұл мәдениет» ММ ғимараты | 8 (72932) 3-16-95 | |
6) | Маңғыстау аудандық № 5 бөлім | Шетпе ауылы, Орталық көшесі, 15-үй, Қазпошта ғимараты | 8 (72931) 22-0-79 | |
7) | Қарақия аудандық № 6 бөлім | Құрық ауылы, Уәлиханов көшесі, 15-үй | 8 (72937) 22-2-10 | |
8) | Түпқараған аудандық № 7 бөлім | Форт-Шевченко қаласы, Маяулыз көшесі, 6д-үй | 8 (72938) 2-30-38 | |
9) | Түпқараған ауданы Ақшүкір № 10 бөлімі | Ақшүкір ауылы, «Жайлау» ЖШС ғимараты, Үштерек көшесі, 5-үй | 8 (72938) 33-28-44 | |
10) | Жетібай аудандық № 8 бөлім | Жетібай ауылы, Жаңа құрылыс көшесі,10 -үй | 8 (72935) 26-9-33 | |
«Павлодар облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Павлодар облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 8 (7182) 33-47-35 8 (7182) 70-42-01 | |
1) | Павлодар қалалық бөлімі | Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 204-үй | 8 (7182) 34-59-04 8 (8182) 34-59-05 | |
2) | Павлодар қалалық № 1 бөлім | Павлодар қаласы, Есенәлиев көшесі, 24-үй | 8 (7182) 32-04-67 8 (7182) 70-42-09 | |
3) | Павлодар аудандық бөлімі | Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10-үй | 8 (7182) 62-92-29 8 (7182) 32-26-83 | |
4) | Екібастұз қалалық бөлімі | Екібастұз қаласы, Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 92/2-үй | 8 (7187) 77-66-93 8 (7182) 70-42-27 | |
5) | Ақсу қалалық бөлімі | Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10-үй | 8 (7183) 76-90-60 8 (7183) 76-91-77 | |
6) | Ақтоғай аудандық бөлімі | Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72-үй | 8 (71841) 2-21-66 | |
7) | Баянауыл аудандық бөлімі | Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 49-үй | 8 (71840) 9-23-65 8 (71840) 9-23-61 | |
8) | Железинка аудандық бөлімі | Железинка ауылы, Торайғыров көшесі, 58-үй | 8 (71831) 2-25-86 | |
9) | Шарбақты аудандық бөлімі | Шарбақты ауылы, В.Чайко көшесі, 45-үй | 8 (71836) 2-34-43 8 (71836) 2-33-37 | |
10) | Қашыр аудандық бөлімі | Тереңкөл ауылы, Тургенов көшесі, 85-үй | 8 (71833) 2-24-79 | |
11) | Лебяжі аудандық бөлімі | Аққу ауылы, Тәшімов көшесі, 114-үй | 8 (71839) 2-11-07 | |
12) | Ертіс аудандық бөлімі | Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14-үй | 8 (71832) 22-91-12 8 (71832) 22-91-11 | |
13) | Май аудандық бөлімі | Май ауылы, Сейфуллин көшесі, 13-үй | 8 (71838) 9-21-44 | |
14) | Успенский аудандық бөлімі | Успенка ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі | 8 (71834) 9-18-40 8 (71834) 9-12-51 | |
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 8 (7152) 33-12-57 | |
1) | Қалалық бөлім | Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72-үй | 8 (7152) 33-02-26 | |
2) | Айыртау аудандық бөлімі | Саумалкөл ауылы, Д.Сыздықов көшесі, 4-үй | 8 (71533) 2-01-84 | |
3) | Ақжар аудандық бөлімі | Талшық ауылы, Жеңіс көшесі, 67-үй | 8 (71546) 2-21-08 | |
4) | Аққайың аудандық бөлімі | Смирнов ауылы, Еңбек көшесі, 11-үй | 8 (71532) 2-25-86 | |
5) | Есіл аудандық бөлімі | Явленка ауылы, Ленин көшесі, 6-үй | 8 (71543) 2-20-03 | |
6) | Жамбыл аудандық бөлімі | Пресновка ауылы, Горький тұйық көшесі, 10 Г-үй | 8 (71544) 2-29-16 | |
7) | Ғ. Мүсірепов аудандық бөлімі | Новоишиское ауылы, Ленин көшесі, 7-үй | 8 (71535) 2-22-19 | |
8) | Қызылжар аудандық бөлімі | Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1 А | 8 (71538) 2-17-46 | |
9) | М. Жұмабаев аудандық бөлімі | Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 62-үй | 8 (71531) 2-03-76 | |
10) | Мамлют аудандық бөлімі | Мамлютка қаласы, С.Мұқанов көшесі, 11-үй | 8 (71541) 2-27-48 | |
11) | Тайынша аудандық бөлімі | Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 208-үй | 8 (71536) 2-36-03 | |
12) | Тимирязев аудандық бөлімі | Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 17-үй | 8 (71537) 2-03-02 | |
13) | Уәлиханов аудандық бөлімі | Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 80-үй | 8 (71542) 2-28-11 | |
14) | Шал ақын аудандық бөлімі | Сергеевка қаласы, Желтоқсан көшесі, 31-үй | 8 (71534) 2-73-90 | |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, нөмірсіз | 8 (7252) 30-06-79 8 (7252) 21-09-00 | |
1) | Шымкент қалалық № 1 бөлім | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, нөмірсіз | 8 (7252) 30-06-79 8 (7252) 99-72-76 | |
2) | Шымкент қалалық № 2 бөлім | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, нөмірсіз | 8 (7252) 99-72-31 | |
3) | Шымкент қалалық № 3 бөлім | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 8 (7252) 30-01-35 | |
4) | Шымкент қалалық № 4 бөлім | Шымкент қаласы, Сайрам көшесі | 8 (7252) 52-50-84 | |
5) | Шымкент қалалық № 1 бөлім | Шымкент қаласы, Республика көшесі, 15-үй | 8 (7252) 56-52-84 | |
6) | Арыс қалалық бөлімі | Арыс қаласы, Ергөбек көшесі, нөмірсіз | 8 (72540) 2-31-18 | |
7) | Бәйдібек аудандық бөлімі | Шаян ауылы, Мыңбұлақ көшесі, нөмірсіз | 8 (72548) 21-443 | |
8) | Кентау қалалық бөлімі | Кентау қаласы, Абылай хан көшесі, 10-үй | 8 (72536) 36-456 | |
9) | Қазығұрт аудандық бөлімі | Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, нөмірсіз | 8 (72539) 22-757 | |
10) | Мақтаарал аудандық бөлімі | Жетісай қаласы, Жайшыбеков көшесі, нөмірсіз | 8 (72534) 61-343 | |
11) | Отырар аудандық бөлімі | Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, нөмірсіз | 8 (72544) 22-616 | |
12) | Ордабасы аудандық бөлімі | Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, нөмірсіз | 8 (72530) 22-670 | |
13) | Түркістан қалалық бөлімі | Түркістан қаласы, Тілеулі мыңбасы көшесі, нөмірсіз | 8 (72533) 41679 | |
14) | Төле би аудандық бөлімі | Леңгір қаласы, Төле би көшесі, нөмірсіз | 8 (72547) 61-90-56 | |
15) | Түлкібас аудандық бөлімі | Түлкібас ауылы, Т. Рысқұлов көшесі,189-үй | 8 (72538) 52-709 | |
16) | Сайрам аудандық бөлімі | Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі, нөмірсіз | 8 (72531) 77-079 | |
17) | Созақ аудандық бөлімі | Шолаққорған ауылы, Қожанов көшесі, нөмірсіз | 8 (72546) 43-329 | |
18) | Сарыағаш аудандық бөлімі | Сарыағаш ауылы, Шораұлы көшесі, нөмірсіз | 8 (72537) 27-020 | |
19) | Абай ауылдық бөлімі | Абай ауылы, А.Жылқышиев көшесі, нөмірсіз | 8 (72532) 31-629 | |
20) | Шардара аудандық бөлімі | Шардара қаласы, Шардара тұйық көшесі, нөмірсіз | 8 (72535) 21-583 | |
«Алматы қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Алматы қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51-үй | 8 (727) 247-16-28 | |
1) | Әуезов аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51-үй | 8 (727) 247-16-27 | |
2) | Алмалы аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 | 8 (727) 378-09-09 | |
3) | Алатау аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ш/а, Жанқожа батыр көшесі, 24 | 8 (727) 395-36-10 | |
4) | Бостандық аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Алмагүл ш/а, 9а-үй | 8 (727) 396-37-00 | |
5) | Жетісу аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 8 (727) 330-72-43 | |
6) | Медеу аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 | 8 (727) 239-65-52 | |
7) | Түрксіб аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | 8 (727) 234-09-74 | |
«Астана қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | ||||
1. | «Астана қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы | Астана қаласы, Республика даңғылы, 16/2-үй | 8 (7172) 53-73-89 | |
1) | Алматы аудандық № 1 бөлімі | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | 8(7172) 61-85-02 | |
| Алматы аудандық № 2 бөлімше | Астана қаласы, Республика даңғылы, 12/2-үй | 8 (7172) 57-07-82 Ішкі (106) | |
2) | Сарыарқа аудандық № 1 бөлім | Астана қаласы, Республика даңғылы,43-үй | 8(7172) 32-77-14 | |
| «Тілендиев» бөлімшесі | Астана қаласы, Бөгенбай даңғылы, 6а-үй | жоқ | |
3) | Есіл аудандық бөлімшесі | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | 8(7172) 50-13-70 | |
|
|
|
|
|
Документ утратил силу