(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТТАРЫНАН ШЫҒАТЫН ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛ...
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық
анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), интернет-ресурсы: www.egov.kz, www.mсі.gov.kz, баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Респубикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсі.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардағы стенділерде орналастырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа