(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 16 ТАМЫЗДАҒЫ № 1074 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы
(2010.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы» 2000 жылғы 6 шiлдедегi № 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы
№ 1074 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің ведомствосы - Штабтар бастықтары комитеті бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа