Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 417 Жарлығы (ҚР Президентінің 07.05.03 ж. № 1085 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 417 Жарлығы
(ҚР Президентінің 07.05.03 ж. № 1085 Жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына сәйкес және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 07.05.03 ж. № 1085 Жарлығымен 1 тармақтың күші жойылды
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мынадай құрылымы бекітілсін:
1) Қарулы Күштердің әскери басқару органдары (орталық және жергілікті әскери басқару органдары);
2) Қарулы Күштер түрлері - Құрылықтағы әскерлер, әуе қорғанысы күштері.
Құрылықтағы әскерлер құрамында: (Шығыс, Батыс, Орталық, Оңтүстік) әскери округтері, әскер тектері (ракета әскерлері мен артиллерия, әуе шабуылынан қорғану әскерлері);
3) Қарулы Күштердің әскер тегі- Ұтқыр күштер;
4) Арнайы әскерлер;
5) Қарулы Күштер тылы;
6) әскери-оқу орындары, әскери-ғылыми мекемелер.
ҚР Президентінің 07.05.03 ж. № 1085 Жарлығымен 2 тармақтың күші жойылды
2. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шекараларының шегінде әскери округтердің орналасуы айқындалсын:
1) Оңтүстік әскери округі (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары);
2) Шығыс әскери округі (Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстыры);
Документ утратил силу
Демо – версия документа