(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 550 ЖАРЛЫҒЫ
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы
(2006.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының ?кіметi Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бiр айлық мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн.
ҚР Президентінің 29.03.04 ж. № 1323 ; 2006.30.05. № 127 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға жиынтық талдау баяндама ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен
бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
Астана
2001 ж.
ҚР Президентінің 29.03.04 ж. № 1323 ; 2006.30.05. № 127 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 1-бөлім өзгертілді
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзiрлеуге негiздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 1998
жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа