«Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 63 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 өкімімен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 21-тармағын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтағы «Мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
үшінші абзацтағы «Мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру.»;
4-бөлімнің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру;»;
5-бөлімнің 5.1-кіші бөлімінде:
«Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында» деген тарауда:
бірінші абзацтағы «мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тілді елдің мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу салаларында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметінде қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асыру және қабылдау қажет.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа