(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 22 ШІЛДЕДЕГІ № 724 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі
агенттiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы
(2009.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар;
3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2008.17.04. № 362 қаулысымен 4-тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөніндегі функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.17.05. № 464; 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.
6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа