(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 22 ШІЛДЕДЕГІ № 724 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі
агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232; 2005.17.05. № 464 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар;
3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөніндегі функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.17.05. № 464 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды
4. Агенттiк төрағасына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.
6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.
7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа