(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.04.02 № 90 ҚАУЛЫСЫ
Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 Қаулысы
(2009.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бкітілген
«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен (бұдан әрі - нормативтік құжаттар) белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.
2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.
Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады.
Редакция документа
Демо – версия документа