Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысы (2021.13.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысы

(2021.13.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 16 қаңтардағы

№ 13 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 646-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:

21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;

74-тармақтағы «жүргізуге тиіс» деген сөздер «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2021.13.08. № 552 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1004 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 119-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:

41-тармақтың 2) тармақшасындағы «(пиктограммамен сәйкестікке)» деген сөздер алынып тасталсын.

7. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции