(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысы
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
16-тармақта:
«Бұрын пайдалануда болған автокөлік құралдарын» деген сөздер «Автокөлік құралдары мен двигательдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
Техникалық регламенттің 3-қосымшасында:
1-бағанның оныншы абзацы «артық емес» деген сөздер «артық емес*» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 646-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа