(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҰНАЙ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫ (1995.28.06)
Мұнай туралы 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350
Қазақстан Республикасының Заңы
(2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының мұнай (5-7 баптар)
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық (8-1 - 8-3 баптар)
5-тарау. Контрактiлер (25 - 29 баптар)
6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу (30 - 36 баптар)
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай (36-1 - 39 баптар)
операцияларын жүргiзу
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi (40 - 41 баптар)
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi (42 - 45 баптар)
9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың (46 - 49 баптар)
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
10-тарау. Коммерциялық шарттар (50 - 52 баптар)
11-тарау. Құқықтық шарттар (53 - 59 баптар)
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен кіріспе алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 07.04.03 ж. № 403-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншілес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізуге мердігер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесі бар ұйымдар;
2) барлау - мұнай іздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
геологиялық-геофизикалық зерттеулерді;
құрылымдық бұрғылауды;
іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
Редакция документа
Демо – версия документа