(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 28.06.95 Ж. № 2350 ЖАРЛЫҒЫ
Заң күшi бар Мұнай туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 Жарлығы
(ҚР 13.06.97 ж. N 122-I; 11.08.99 ж. N 467 Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 2003 ж. 7 сәуірдегі N 403-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар)
2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының Мұнай (5-7 баптар)
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық (8-1 - 8-3 баптар)
5-тарау. Контрактiлер (25 - 29 баптар)
6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу (30 - 36 баптар)
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай (36-1 - 39 баптар)
операцияларын жүргiзу
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi (40 - 41 баптар)
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi (42 - 45 баптар)
9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың (46 - 49 баптар)
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
10-тарау. Коммерциялық шарттар (50 - 52 баптар)
11-тарау. Құқықтық шарттар (53 - 59 баптар)
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 заңымен 1-бап өзгертілді және толықтырылды
1-бап. Негiзгi ұғымдар мен терминдер
Осы Жарлықта:
"Блок" дегенiмiз - Қазақстан Республикасында толық немесе iшiнара орналасқан және арнайы жасалған блоктар картасында Блок ретiнде көрсетiлген құрлықтағы және судағы кез келген аумақ.
"Iшкi су тоғандары" дегенiмiз - көлдер, жасанды су қоймалары мен басқа да жер бетiндегi су ресурстары.
"Өндiру" дегенiмiз - жер бетiне Мұнай шығарумен байланысты кез келген операциялар және бұлар соның iшiнде:
жер астындағы және жер үстiндегi өнеркәсiптiк жабдықтар мен ғимараттарды салуды әрi пайдалануды;
жер бетiне Мұнай шығаруды, пайдаланылатын скважиналарда жұмыс процесiн ұйымдастыру мен демеп отыруды;
Мұнайды өңдеу мен тазартуды;
Демо – версия документа