Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.29.12 № 1403 ҚАУЛЫСЫ

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар кейіннен олардың мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) екі ай мерзімде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық меншік объектілерін және 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін берілетін объектілердің орналасқан жері бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беру жөнінде шаралар қабылдасын;

3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды кейіннен хабардар ету мақсатында жекешелендіру үшін ұсынылатын республикалық меншік объектілері туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне тұрақты ұсынылуын қамтамасыз етсін;

4) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың республикалық меншік объектілерін алуға арналған өтінімдерін қарауды қамтамасыз етсін және өтінімдер бойынша оң шешім қабылданған жағдайда екі ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншік объектілерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беру жөнінде шаралар қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку