Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 640 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 640 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысында:

Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:

5.3-кіші бөлімнің 5.3.1-тарауында он бірінші және он жетінші абзацтарда «Тарутинский» деген сөз алынып тасталсын;

«Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімдегі реттік нөмірі 80-жол алынып тасталсын;

2) «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысында:

2-тармақтың 2) тармақшасы «екі ай мерзімде» деген сөздерден кейін «осы қаулыға 2-қосымшаның 41-тармағында көрсетілген 2009 жылы беруге жататын республикалық меншіктің жылжымайтын мүлік объектісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 4-тармағының 1), 2) тармақшаларынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес оларды республикалық меншікке қабылдағаннан кейін тиісті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын.»;

осы қаулыға 2-қосымшада:

реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«ШҚО, Өскемен қаласы, Шлюзная к-сі, 1»;

реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-жолдар алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

Ақтөбе облысы бойынша:

3 «Көпті» деген сөз «Қопа» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8-тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны;

10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны;

10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны;

10-4. «Авангард» мыс кен орны;

10-5. Көкжарлы мыс кен орны;

10-6. «Жарлыша» мыс кен орны;

10-7. Жыланды мыс кен орны;

10-8. Сарлыбай мыс кен орны.»;

мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша:

10-9. Шалқар тұз құрылымы;»;

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

Маңғыстау облысы бойынша:

18-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

«19-1. «Бескемпір» темір рудаларының кен орны.»;

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ» бөлімінде:

Қарағанды облысы бойынша:

мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

«40-1. Қарағанды көмір бассейнінің «Долинская» шахтасы.»;

«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

Қостанай облысы бойынша:

мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2, 41-3, 41-4, 41-5-тармақтармен толықтырылсын:

«41-1. Приозерный боксит кен орны;

41-2. Құшмұрын боксит кен орны;

41-3. Көктал боксит кен орны;

41-4. Батыс-Обаған кен орны;

41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.»;

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:

«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Батыс Қазақстан облысы

1-1. Ғимарат, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 206/1;

1-2. Іргелес жер учаскесі бар «Самал» қонақ үйі мүліктік кешені, Орал қ., Есенжанов к-сі, 45»;

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

6-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанындағы «7,58» деген сандар «19,9» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:

«6-1. «Троллейбус паркі» АҚ, Ақтөбе қ.               100»;

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 73, 77-жолдардың 3-бағанындағы «100» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 83-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку