-
"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 30 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы
заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру
мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын;
уәкiлеттi ұйымға оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi уәкiлеттi ұйымға заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары |
А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 1342 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібі
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа