(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы
заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру
мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын;
зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа