(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.12 № 1317 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және
Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 6 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары;
2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары;
3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің тізбесі;
3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
4. Мыналар:
Редакция документа
Демо – версия документа