(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.06 № 555 ҚАУЛЫСЫ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялану тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 555 қаулысымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Ереже) жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды (сертификатталған өнімдерді қоспағанда), сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын регламенттейді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлға лицензиаттар болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа