Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 422 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 422 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде және оған қойылатын біліктілік талаптарында:

9, 10, 11, 12-тармақтардың 2) тармақшасындағы «ұзақ мерзімді» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку