(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.09.04 Ж. № 926 ҚАУЛЫСЫ
«Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн
құру және жүргiзу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 Қаулысы
(2005.01.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң бiрыңғай қорын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
1 Қоса берiліп отырған Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесi бекітілсiн
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру және жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
4. Мемлекеттік жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекітуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.Ахметов |
?кіметінің
2004 жылғы 2 қыркүйектегi
Редакция документа
Демо – версия документа