(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.09.04 Ж. № 926 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының жiктеуіштер (анықтамалықтар)
депозитарийi туралы ереженi бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 1 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң (анықтамалықтарының) бiрыңғай қорын құру және өзектi жағдайда ұстау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
4. Мемлекеттік жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекітуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.Ахметов |
?кіметінің
2004 жылғы 2 қыркүйектегi
№ 926 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жіктеуіштер (анықтамалықтар)
депозитарийi туралы ереже
Редакция документа
Демо – версия документа