(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.21.07 № 761 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбір мәселелерi туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 Қаулысы
(2007.27.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
ҚР Үкіметінің 2007.27.02. № 149 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылға 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2007.27.02. № 149 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылға 31 желтоқсанға дейін мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегi
№ 761 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 453 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа