(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.21.07 № 761 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбір мәселелерi туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 Қаулысы
(2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегi
№ 761 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 453 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа