(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 13 ҚАРАШАДАҒЫ № 1140 ҚАУЛЫСЫ
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысы
(2006.06.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 51, 491-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1487 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы 1997 ж., № 48, 447-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2003 жылғы 13 қарашадағы
№ 1140 қаулысымен
бекітілген
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау
құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекет меншiгіндегі және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуге және ұйымдастыруға байланысты қатынастарды реттейдi.
Редакция документа
Демо – версия документа