Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1487 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N
760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулыларына толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 3 қарашадағы № 1487 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысымен күші жойылды

"Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 12, 77-құжат) және "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

"Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртібі жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 шiлдедегi № 760 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 251-құжат):

аталған қаулымен бекітілген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртібі жөніндегі Ережеде:

     16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi.

Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады";

"Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 51, 491-құжат):

Мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібінде:

     20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнына ақыны мерзiмiн үш жылға кейiнге қалдыра отырып төлей алады".

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку