Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.28.08. № 812 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында орта білім жүйесiн одан әрi реформалау
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047; 2005.09.02. № 124 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Орта білім жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта білім қоры (бұдан әрi - Қор) туралы Үлгi ереже бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047 қаулысымен 3-тармақ өзгерді

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн;

2) мектептердi ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде әрбiр мемлекеттік жалпы білім беретiн мектепте Қорды қалыптастыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;

3) мемлекеттік бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку