(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.28.08. № 812 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау
жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2000.10.07. N 1047 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры (бұдан әрi - Қор) туралы Үлгi ереже бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 2000.10.07. N 1047 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 2000.10.07. N 1047 қаулысымен 3-тармақ өзгерді
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн;
2) мектептердi ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде әрбiр мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектепте Қорды қалыптастыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
3) мемлекеттiк бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Демо – версия документа