Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 Қаулысы (2014.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 Қаулысы

(2014.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 829 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде:

үшінші абзацта:

«басшыларының орынбасарлары», «атқарушы директоры» деген сөздер «бірінші басшылары», «басқарма төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қаржы» деген сөзден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды  (бұр.ред. қара)

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қазына» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:

үшінші абзацта:

«басшыларының орынбасарлары» деген сөздер «бірінші басшылары», деген сөздермен ауыстырылсын;

«Индустрия және сауда» деген сөздерден кейін «, Қаржы» деген сөзбен толықтырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды  (бұр.ред. қара)

5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» «ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:

үшінші абзацтағы «(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.

6. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:

«Кеңестердің қызметін ұйымдастыру» деген 4-бөлімде:

7-тармақта «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «немесе оның орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

 

Бозымбаев

Қанат Алдабергенұлы

- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)»

мына:

«Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі»;

көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев

Өмірзақ Естайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

 

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

мына:

«Оспанов

Берік Серікұлы

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық саясат және  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Оспанов

Берік Серікұлы

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту  стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінің директоры, хатшы»;

көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;

5) ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев

Өмірзақ Естайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

 

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі

 

Сапарбаев

Бердібек Машбекұлы

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.

8. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Самғау» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Самғау» холдингі» АҚ-ның басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:

төртінші абзацтағы «өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции