(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 24 Қ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 Қаулысы
(2008.12.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 829 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде:
үшінші абзацта:
«басшыларының орынбасарлары», «атқарушы директоры» деген сөздер «бірінші басшылары», «басқарма төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржы» деген сөзден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазына» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
«басшыларының орынбасарлары» деген сөздер «бірінші басшылары», деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа