Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.26.04 № 329 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 Қаулысы

(2007.04.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 6 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министріне екі вице-министрі болуына рұқсат берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті;

2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.

5. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті туралы ереже;

3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

6. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасына бір орынбасары болуына;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасына бір орынбасары болуына рұқсат берілсін.

7. Мыналар:

1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку