«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке
келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне бөліну жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі оның туризмді дамыту жөніндегі функциялары жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
Демо – версия документа