Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.29.06. № 645 ЖАРЛЫҒЫ

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығы

(2007.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 21 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2007.26.02. № 291 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалык аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

ҚР  Президентінің 2005.24.03. № 1530 Жарлығымен (қолданысқа енген жоқ) 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2010 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы» ереже бекітілсін.

3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

2001 жылғы 29 маусымдағы

№ 645 Жарлығымен

Бекітілген

 

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

ҚР Президентінің 2007.26.02. № 291 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына», сәйкес әзірленді және «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен принциптерін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

ҚР Президентінің 2005.24.03. № 1530 (бұр. ред. қара); 2007.26.02. № 291 (бұр. ред. қара) Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді

1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.

«Астана - жаңа қала» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 4842,3 гектарды құрайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку