Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.23.04. № 1560 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы

(2006.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Кеңес туралы ереже;

2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президент

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 23-і.

№ 1560

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 23 сәуірдегі

№ 1560 Жарлығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Президентi

жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кәсiпкерлiктi дамыту және оны тиiмдi мемлекеттік қолдау мәселелерi жөнiндегі тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

2. Кеңестің негізгi мiндеттерi

 

3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:

кәсiпкерлiкті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған ұсыныстар әзiрлеу;

Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтін iскер топтарды, кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен одақтарды топтастыру;

кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшiн ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

 

3. Кеңестiң құқықтары

 

4. Кеңестiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку